Білім • 25 Сәуір, 2023

Алматыда балаларды тегін секцияларға қабылдау қашан басталады?

240 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінімдер қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz  zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда балаларды тегін секцияларға қабылдау қашан басталады?

3 наурыздан бастап Алматы қаласы әкімдігі мемлекеттік шығармашылық тапсырысты және мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді аудан әкімдіктеріне табыстады.  Мемлекеттік тапсырыстарды үйлестіруді аудандарға беру бағдарламаны іске асыру барысында көптеген кемшіліктердің алдын алады.

«26 сәуір сағат 9:00-ден бастап операторлар бағдарламада бұрын жұмыс істегендер үшін де, жаңа үміткерлер үшін де жеткізуші ретінде жұмыс істеуге  өтінішін тіркеуді бастайды», делінген хабарламада.

Айта кетейік қолданушыларға қосымша мүмкіндіктер ұсынатын әрі ыңғайлы www.damubala.kz ақпараттық жүйесіне көшу жұмыстары аяқталды.

2 мамыр күні сағат 18:00-ден бастап ата-аналар балаларын порталдағы үйірмелер мен секцияларға тіркей алады.

Алматы қаласының ата-аналары мен жеткізушілері үшін платформа әзірлеушілерінің қолдау көрсету қызметі бар:

Анықтама үшін қосымша байланыс нөмірлері:

  • Алматы қаласының Спорт басқармасы: 2924167;
  • Алматы қаласының Мәдениет басқармасы: 2720317;
  • Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты: 2998649;
  • Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 2725698;
  • Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 3032558;
  • Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 2755068;
  • Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 3842760;
  • Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты: 2916494;
  • Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 3074553;
  • Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 2231115;
  • DamuBala платформасын әзірлеуші: +77750075920.