Бокс • 03 Мамыр, 2023

Бокстан ӘЧ: Талғат Сырымбетов иорданиялық боксшымен кездеседі

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстан боксшысы Талғат Сырымбетов иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехпен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бокстан ӘЧ: Талғат Сырымбетов иорданиялық боксшымен кездеседі

Sports.kz сайты хабарлағандай, 1/16 финалдық кезеңде отандасымыз Азияның қазіргі чемпионы иорданиялық Мохамед Абу-Джаджехпен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекті В рингіндегі төртінші жұп жоспарлап отыр.

Айта кетсек, жекпе-жектің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

Бұл Талғат Сырымбетовтың Ташкенттегі әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегі. Бұған дейін ол Тайланд боксшысы Сакда Руамтамды жеңіп, чемпионатты жеңіспен бастаған еді.

Қазіргі уақытта әлем чемпионатында төрт отандасымыз, яғни Айбек Оралбай (92), Сағындық Тоғамбай (86), Санатәлі Төлтаев (63,5) және Талғат Сырымбетов (60) өнер көрсетіп жатыр.