Бокс • 03 Мамыр, 2023

Қазақ халқынан кешірім сұраймын - Талғат Сырымбетов

719 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан боксшысы Талғат Сырымбетов Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы жұдырықтасуына қатысты пікір білдірді, хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ халқынан кешірім сұраймын - Талғат Сырымбетов

60 келі салмақ бойынша жұдырықтасқан Талғат Сырымбетов қазылардың шешімі бойынша Иордания боксшысынан ұтылып қалды.

«Бүгін өкінішке қарай жеңіліп қалдым. Қазылардың шешімі туралы ештеңе дей алмаймын. Жеңілісімді мойындаймын. Болары болып қойғаннан кейін ештеңе айтқым келмейді. Тек қазақ халқынан үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын. Бұдан да мықты болып келемін. Жеңіс әлі алда», деді боксшы.