Оқиға • 23 Мамыр, 2023

Павлодарда алты жасар бала терезеден құлап кетті

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда алты жасар бала сегізінші қабаттан құлап, алған жарақатынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда алты жасар бала терезеден құлап кетті

Қайғылы оқиға 21 мамыр күні кешке қарай Шөкин көшесінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алты жасар бала сегізінші қабаттан құлап кеткен. 

«Жедел жәрдемге баланың тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Төрт минуттан кейін 103 бригадасы оқиға орнына барды, бірақ алты жасар баланың жарақаты ауыр болып, сол жерде көз жұмған», деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ 22 мамыр күні 12:30 шамасында Семейде төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кеткен. Бала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.