Қоғам • 15 Маусым, 2023

Қолда бар қоймалар кәдеге жарап тұр ма?

384 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан көкөністердің негіз­гі­ түрлері бойынша ішкі нарық­тың қажеттіліктерін толық қам­та­ма­сыз­ етеді. Алайда көкөніс пен жеміс-жидектерді көктемге дейін сақтау үшін картоп қоймаларының қуатын үш есе, жеміс-жидек қоймаларының қуатын екі есе көбейту қажет. Бұндай нысандарды салудың қарқынына қарағанда, көзделген меже 2025 жылдың соңына дейін орындалмауы мүмкін.

Қолда бар қоймалар кәдеге жарап тұр ма?

Бұл мәселені «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Ботагөз Әбдірейқызы «Қойма тапшылығы қымбатшылыққа ұрындырады» атты мақаласында қозғаған. 

Ресми деректерге қарағанда, өткен жылы 4,1 млн тон­на­ картоп, 621 мың тонна­ сәбіз, 1,1 млн тонна пияз және 551 мың тонна қырыққабат өнді­ріл­ді.­ Алайда жеміс-көкөніс өнім­де­рін өндірудің едәуір көле­мі­не қа­рамастан, қыс-көктем кезе­ңін­де сақтау қуатының төмен­ді­гіне байланысты нарықта отан­дық көкөністер ұсынысының тө­мендеуін аңғаруға болады. Әрине бұл нарық­та­ импорттық өнімнің көбеюін және маусымаралық кезеңде ба­ға­ның көтерілуін тудырады. Сондықтан бұл түйіннің ше­шімі ‒ көкөністерді сақтау қуа­тын арттыру.

Мақала авторы Ауыл шаруа­шы­лығы министрі Ербол Қара­шө­кеевтің мәліметіне сүйене отырып, рес­публика бойынша жалпы сақтау сыйымдылығы 1 952,8 мың тонна болатын 1 208 қойма бар екненін жазады. Көкөністерді сақтау сыйымдылығын арттыру мақ­са­тында 2025 жылға дейін көкөніс қоймаларын салу және жаң­ғырту жөніндегі кешенді жос­пар бекітілді. Оның аясында соңғы екі жылда жалпы сақтау көлемі жоспарланған 181,5 мың тоннаның орнына 200,8 мың тоннаға 37 жоба іске асырылды. Ал осы жылдың соңына дейін 111,5 мың тонна өнімге 29 жо­баны жүзеге асыру жос­парла­нып отыр. Бұл рет­те сақ­тау қуаттарымен қам­та­ма­сыз­ ету бойынша нақты көрі­ніс­ті бел­гі­леу үшін Ауыл ша­руа­шы­лы­­ғы ми­нистрлігі Сауда және ин­те­­гра­ция­ минис­тр­­лігімен және об­лыс әкім­­дік­те­рімен бірлесіп бар­лық қой­­ма­ны тексереді.

Автор атап өткендей, картопты, басқа да көкөніс­ пен жемісті сақтайтын қоймалар үш санатқа бөлінеді. Қоймалардың ең көп бөлігі, дәлірек айтқанда 770-і көкөністі контейнерлерде сақтауға арналған. Онда 1,3 млн тоннадан астам сәбіз, қызылша, қырыққабат, пияз сақтауға болады. Сауда және интеграция министрлігі жүр­­гізген талдауға сәйкес, бұл көкө­ністерді сақтау қуаттылығы жет­кілікті деуге болады. Бірақ қал­ған екі санат ‒ картоп пен жеміс сақтау қоймалары тапшы. Біріншісінің қуаттылығы егін­нің тауарлық көлемінің 36,5%-ына ғана жетеді (ол 1,4 млн тонна). Жемістерді сақтауға ар­нал­­ған қойма да жеткіліксіз: қол­да­ныс­­тағы қоймалар көктемге де­йін сақталуы қажет жеміс көле­мі­нің 43,8%-ын ғана (196,5 мың тон­н­а) сақтай алады. Жалпы, өт­кен жыл­дың­ соңында барлық үш сақ­тау­ сана­тындағы орташа­ тап­шы­­л­ық дең­гейі 35,4%-ды құрады.