Қоғам • 26 Маусым, 2023

Назарбаев Лукашенкомен не жайлы сөйлесті?

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлескеніне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Назарбаев Лукашенкомен не жайлы сөйлесті?

«Беларусь президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көптен бергі үзеңгілесі. Өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыретінде. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қарым-қатынасы тек қазіргі президенттер арасында талқыланады», деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихаты барысында.