Спорт • 14 Шілде, 2023

Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек шебері, қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz  Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

Бұл туралы лиганың ростеріндегі өзгерістер туралы жариялайтын UFC Roster Watch Twitter-аккаунтында хабарланды.

Айта кетейік, Жалғас Жұмағұлов 24 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде UFC дебютанты америкалық Джошуа Ваннан жеңіліп қалған.

Бұл «Жаконың» қатарынан төртінші және UFC-де алтыншы жеңілісі болды. Сонымен қатар Жұмағұлов төрешілердің бөлек шешімімен үшінші рет қатарынан жеңілді.