Үкімет • 03 Тамыз, 2023

Роман Скляр қытайлық компанияның төрағасы Ван Зичаомен онлаин кездесу өткізді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр China Power International Holding Limited компаниясының төрағасы Ван Зичаомен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Роман Скляр қытайлық компанияның төрағасы Ван Зичаомен онлаин кездесу өткізді

Фото: Үкіметтің ресми сайты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мамыр айындағы сапары барысында China Power International Holding Limited компаниясы мен ҚР Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ, SANY Renewable Energy арасында Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр стансасын салу туралы келісімге қол қойылған болатын.

Әңгімелесу барысында тараптар инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысын талқылап, энергетика саласындағы перспективалы жобалар туралы пікір алмасты.

China Power International Holding Limited компаниясының өкілдеріне ықылас таныта отырып Роман Скляр Қазақстан елімізге тікелей тартылған шетелдік инвестицияларды арттыруға үлкен көңіл бөлетінін, ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін білдірді.

Өз кезегінде Ван Зичао екі ел арасындағы энергетика саласы бойынша өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қазақстандық тарапқа жобаны жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

 Үкіметтің баспасөз қызметі