Ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.
Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді.
Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.
Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм арнасына сілтеме жасап.
Риддерде банк қызметкері 9 күнде 32 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған
Аймақтар • Бүгін, 00:21
Елімізде кімдер тісін тегін емдете алады?
Денсаулық • Кеше
Ақтауда мас жүргізушісі балалар мінген көлікке соқтығысты
Аймақтар • Кеше
Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды
Аймақтар • Кеше
20 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады - Қазгидромет
Ауа райы • Кеше