Спорт • 15 Қыркүйек, 2023

Париж-2024: Қазақстан спортшылары 80 рейтингтік турнирлерге қатысады

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде өтетін Олимпиадаға дайындық аясында Қазақстан құрама командалары 80-нен астам әлемдік рейтингтік турнирлерге қатысады. Лицензиялау кезеңі Олимпиаданың басталуына бір ай қалғанда аяқталады, деп хабарлайды Egemen.kz

Париж-2024: Қазақстан спортшылары 80 рейтингтік турнирлерге қатысады

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, аталған жарыстардың қорытындысы бойынша спортшыларымыз Париж Олимпиадасына 100-ге жуық жолдама алуды жоспарлап отыр.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, Қазақстан командасын Париж олимпиадасына дайындау үшін ведомство Ұлттық құраманың жұмысын ұйымдастыруға арналған жедел штаб құрған, сондай-ақ жазғы спорт түрлері бойынша спортшылар мен еліміздің штаттық құрама командаларын даярлау және олардың Олимпиада – 2024-ке қатысуын қамтамасыз ету жөнінде бағдарлама бекіткен.