Спорт • 05 Қазан, 2023

Карина Ибрагимоваға Азиаданың күміс медалі тағылды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ханчжоудағы (Қытай) Азия ойындарында Қазақстан боксшысы Карина Ибрагимова күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Карина Ибрагимоваға Азиаданың күміс медалі тағылды

Фото: karina__ibragimova инстаграм

Финалда 57 келіге дейінгі салмақ бойынша жұдырықтасқан отандасымыз тайваньдық екі дүркін әлем чемпионы Ю Тин Лиден ұтылды.

Естеріңізге салайық, бұған дейін К.Ибрагимова Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді.