Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Атырау облысында рухани-адамгершілік құндылықтар дәріптелді

170 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Атырау облысы дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2023 жылдың 02-06 қазан аралығында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысында рухани-адамгершілік құндылықтар дәріптелді

Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар, исламтанушылар) қатысты:

1. Разақов Нұрмұхаммет Шәмшіұлы – Ақтөбе облысы, «Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ психолог маманы;

2. Сариев Сұлтангелді Серікұлы – Атырау облысы, «Шапағат» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ сарапшы;

3. Бердалиев Исатай Тұрғанәліұлы – Астана қаласы, ислам ғылымдарының PhD, сарапшы;

4. Сариев Сұлтангелді Серікұлы – Атырау облысы, «Шапағат» ДДА жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ сарапшы;

5. Пиязбек Айтмаханбет Нұралыұлы – Маңғыстау облысы, «Дін мәселелері бойынша ақпараттық талдау орталығы» КММ теолог маманы.

2023 жылғы 02-06 қазан аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында Атырау қаласында, Мақат, Индер, Махамбет аудандарында, Жарсуат, Бөдене ауылары мен Индербор кентінде  колледжерде, мектептер мен университеттерде ұстаздар мен студенттермен, мәдениет үйлерінде ауыл тұрғындарымен, «АтырауТЭЦ» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы АҚ қызметкерлерімен, спорт мектептерінде жаттықтырушылар мен спортшылармен «Ұлттық мүдде - діндегі айқындаушы күш», «Халықтың діни сауатын арттыру мақсатында және терроризм мен экстремизмнің алдын-алу», «Ғаламтор мәдениеті: жат діни ағымдардың идеологиясынан сақтану жолдары», «Зайырлы мемлекет және дін» және т.б. тақырыптар аясында кездесулер мен семинарлар өтті.

Ч