Тағайындау • 12 Қазан, 2023

«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды

8539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің бас директоры болып Нұрболат Елеусінов тағайындалды.

«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды

Жаңа басшыны медиасеріктестік ұжымына Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырды.

Нұрболат Мақсотұлы 2013 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы – журналист.

Еңбек жолын мемлекеттік қызметте бастаған. 2013-2017 жылдары Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы болған. Ал 2017-2022 жылдары ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөліміне басшылық еткен. 

2022 жылдан бүгінге дейін Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС-нің құрамында екі облыстық, жеті аудандық газет пен екі тілдегі арнайы сайт, баспахана бар.