Аймақтар • 12 Қазан, 2023

Сыр өңірінде дін мамандарын дайындауға бағытталған іс-шара өтті

140 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» жобасы аясында Қызылорда облысында ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинарлары мен тренингтері іске асырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сыр өңірінде дін мамандарын дайындауға бағытталған іс-шара өтті

Осы жылдың 5-6 қазанында Қызылорда қаласындағы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының залында дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Оған «Дін зерттеу орталығының», «Ақниет» ҚҚ, мешіттердің және т.б мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – дінтанушы, теолог Оспанов Дәлелхан,  әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы, психология маманы Шакимова Лола Сергеевна, дінтану кафедрасының доценті, PhD Абылов Тұңғыш Талғатұлы семинар оқыды.

Шакимова Лола Сергеевна «Применение основ профайлинга для выявления группы риска в молодежной среде» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Сондай-ақ, «Методы изучения личности, применяемые в психокоррекционной работе с адептами ДРТ» тақырыбында қатысушыларға психокоррекциялық жұмыста қолданылатын тұлғаны зерттеу әдістерін үйретті.

Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы «Зайырлылық қоғамдық келісім мен тұрақтылытың негізі ретінде» тақырыбында жалпы теориялық ақпарат беріп, қатысушылармен жұмыс жасады. Сондай-ақ, «Қазақстандағы діни ахуал: негізгі мәселелер мен тендициялар» тақырыбымен Қазақстандағы діни жағдайларды түсіндіре отыра, оған қатысты күрделі сұрақтарға жауап беру әдістерін үйретті.

Оспанов Дәлелхан «Ислам әлеміндегі алауыздықтың себептері мен шешу жолдары» тақырыбы аясында қатысушыларғаислам дініндегі күрделі проблемалар мен асқынып тұрған мәселелерді түсіндіре отыра, ислам әлемінің бірлігі жолында тұрған негізгі кедергілер және онымен күрес жолы жайында айта кетті. Оның үстіне, «Оңалту жұмыстарын тиімді жүргізу жолдары» тақырыбымен мамандарға жұмыс барысындажағдайдың күрделенуіне жол бермеу тәсілдері мен оңалту қағидалары туралы сөз қозғады.

Абылов Тұңғыш Талғатұлы «Діндарлық әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде» тақырыбында кездесіп, діни сананың ерекшеліктерін, діндарлықтың құрылымын, жеке тұлғаның және қоғамның діни даму айырмашылықтарын түсіндірді.  Келесі кезекте, «Қазақстандағы тәңіршілдік: тарихы және қазіргі жағдайы» тақырыбында семинар оқып, жалпы түрік халқының діни-наным ұстанымы және оның тарихы, тәңіршілдік ілімінің жағдайы туралы айтты.

Сонымен қатар, семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.

л

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше