Президент • 12 Қазан, 2023

Мемлекет басшысы SpaceX корпорациясының өкілімен кездесті

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы SpaceX компаниясының Starlink мәселелері жөніндегі вице-президенті Лорен Дрейермен кездесуде SpaceX ғарыш телекоммуникациясы саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы SpaceX корпорациясының өкілімен кездесті

Президенттің айтуынша, SpaceX компаниясының әзірлемелері жоғары технологиялардың дамуын ынталандыру үшін сұранысқа ие стратегиялық құралға айналды. Қазақстан SpaceX корпорациясын өзара тиімді ынтымақтастық орнату үшін сенімді серіктес ретінде қарастырады.

Өз кезегінде Лорен Дрейер StarLink компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту жөніндегі жоспары, атап айтқанда, еліміздің шалғай ауылдарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жобасы туралы айтты.