Ауа райы • 13 Қазан, 2023

Елдің оңтүстігінде үсік жүреді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы үш күнде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде 1-3 градус аяз күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елдің оңтүстігінде үсік жүреді

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталықта, сондай-ақ оңтүстік-шығыс облыстардың таулы аймақтарында фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі.

16 қазанда Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын болады.

Республиканың батысында және оңтүстігінде жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі. Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді.

Республиканың басым бөлігінде күндіз ауа райы 10-20 градусқа дейін жылы болады.