Ауа райы • 14 Қазан, 2023

Қазақстанның оңтүстігінде 3 градус аяз күтіледі

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жауып, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның оңтүстігінде 3 градус аяз күтіледі

Тек елдің оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың барлық аумағында екпінді жел соғып, тұман түседі.

Жетісу облысының оңтүстігінде, шығысында, таулы аймақтарында кей жерлерде 30 м/с жел соғады.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының солтүстігінде таулы аймақтарда 3 градусқа дейін аяз күтіледі.

Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында 1-3 градус аяз күтіледі.