Әлем • 14 Қазан, 2023

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 2 мыңнан асты

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израильдің Газа секторына жасаған соққыларының салдарынан қаза тапқандар саны 2215-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Газа секторында қаза тапқан палестиналықтардың саны 2 мыңнан асты

Фото: twitter/_joker_111

Ведомствоның мәліметінше, 8714 азамат жарақат алған. Денсаулық сақтау министрлігі нақтылағандай, Иордан өзенінің батыс жағалауында 54 палестиналық қаза тауып, 1100-ден астамы жараланған.

Израильде соңғы мәліметтер бойынша қақтығыс кезінде 1,3 мың адам қаза тауып, 3,5 мыңы жараланған. ХАМАС шабуылында қаза тапқандардың мәйітін анықтау жалғасып жатыр.

Газа секторы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Израильдің палестиналық босқындар конвойына жасаған соққысы салдарынан 70 адам қаза тауып, 200-ден астам адам жараланған. Газа тұрғындары ауыз су тапшылығына байланысты ауылшаруашылық құдықтарындағы ащы суды ішуге мәжбүр. Су тоқтап қалғандықтан, тұрғындар таза суға қол жеткізе алмай отыр.

Бұған дейін Израиль қорғаныс күштері (IDF) Газа секторының бейбіт тұрғындарына оңтүстік аудандарға эвакуациялануға тағы алты сағат уақыт берген.

Египет Газа секторымен шекаралас жалғыз Рафах өткелінің қақпасын бетон блоктармен жауып тастады.

Екі ел арасындағы қақтығыс 7 қазанда ушыға түсті. Кейінірек ХАМАС содырларының Израильге шабуылын 2022 жылдан бері дайындап келгені белгілі болды.