Аймақтар • 14 Қазан, 2023

Жетісу облысында жол апатынан тоғыз адам зардап шекті

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының Көксу ауданында жеңіл көлік пен «ГАЗ» жүк көлігі соқтығысып, тоғыз адам зардап шекті, оның төртеуі балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Жетісу облысында жол апатынан тоғыз адам зардап шекті

фото: Жетісу облысының Полиция департаменті

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 14 қазанда Еңбекшіқазақ ауылының маңында болған.

«Жарақат алған 9 адам оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді, оның екеуі екі көліктің жүргізушісі. Медициналық тексеруден кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберіледі. Қалған жетеуі дәрігерлердің бақылауында. Олардың арасында 2011, 2018, 2019, 2021 жылы туылған төрт кәмелетке толмаған балалар бар», деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалды. Екі көлік те арнайы тұраққа қойылды.