Спорт • 15 Қазан, 2023

Қоян-қолтық ұрыс чемпионатында ел құрамасы бірінші орын алды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштері қолбасшысының жүлдесіне армиялық қоян-қолтық ұрыстан 11-ші ашық чемпионат өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс ведомствосына сілтеме жасап.

Қоян-қолтық ұрыс чемпионатында ел құрамасы бірінші орын алды

Фото: gov.kz

16 командадан 112 спортшы қатысқан әскери қызметшілер арасындағы жекпе-жектер жеті салмақ дәрежесінде өтті.

Қорғаныс министрлігіне қарасты Спорт комитетінің төрағасы – Орталық спорт клубының бастығы подполковник Арман Әбеуовтің айтуынша, әскери қызметшілердің күш-қуаты мен ерік-жігерін және төзімділігін дамытудың тиімді әдісі саналатын армиялық қоян-қолтық ұрыс спортының жылдан-жылға танымалдылығы артып келеді.

Чемпионатта Қазақстан спортшылары сержант Айдын Нұридинов, кіші сержант Олжас Ержан, капитан Вадим Федосеев өздерінің салмақтары бойынша  жеңіске жетті. Лейтенант Арман Ерменбет екінші орын еншіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштері құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.