Елорда • 15 Қазан, 2023

«Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары анықталды

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімдігінің ресми сайты мәлім еткендей, елордада XI Азаматтық форум аясында өткізілген «Жергілікті бастамалар» әлеуметтік жобалар видео-конкурсының грант иегерлері мен жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жергілікті бастамалар» байқауының жеңімпаздары анықталды

Фото: gov.kz

XI Азаматтық форум алаңында марапаттау шарасы өтіп, оған елорда мен өңірлердің үкіметтік емес ұйымдары, қоғам қайраткерлері, волонтерлік қоғамдастық мүшелері және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

Байқауға қатысқан бейнеороликтер ақпараттық және халықтың түрлі топтарының әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған болуға тиіс.

Жеңімпаздар тізімі:

«Семей ЯП» ҚҚ;

«Нұр әлем Қазақстан» ҚҚ;

«Оңалту технологиялары мен тұжырымдамаларының Қоғамдық Қоры»;

«Best For Kids» ҚҚ;

«Мама про» ҚҚ;

«Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ;

«Қазақстан корейлерінің жастар қозғалысы» ҚБ;

«Қара Шаңырақ» ҚБ;

«Strong mother NS» ҚҚ;

«Склерозы бар мүгедек науқастардың қоғамдық бірлестігі».

Іріктелген 20 жұмыстың 10-ы 500 мың теңгелік сертификаттар алды, қалған жұмыстар бойынша естелік сыйлықтар табысталды.