Оқиға • 15 Қазан, 2023

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы концертте жан тапсырды

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Ирина Кайратовна» тобының мүшелері Астанада концертке жиналған жанкүйерлеріне мобилографтың қайтыс болғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

«Ирина Кайратовна» тобының мобилографы концертте жан тапсырды

Фото: видео скрин

Әлеуметтік желіде мобилографтың құлаған сәті және топ мүшелерінің мәлімдеме жасап тұрған видеолары тарады.

Концерт басталмас бұрын есінен танып құлаған мобилографтың жан тапсырғаны белгілі болды.  Қайғылы жайтқа байланысты концерт тоқтатылды.

«Жаңа ғана мобилографымыздың сахнада құлап қалғанын көрген боларсыздар, ол қайтыс болды. Сол себепті, өкінішке қарай, бүгін алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз. Келгендеріңізге, қолдағандарыңызға көп рақмет, біз сіздерді жақсы көреміз», деді жанкүйерлеріне «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов.