Театр • 15 Қазан, 2023

Қызылжар төрінде өткен фестиваль

195 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалі 9-қазан күні Петропавл қаласында бастау алып, 14 қазанда мәресіне жетті.

Қызылжар төрінде өткен фестиваль

Фестивальге 10 театр қатысып, қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалады. Оның ішінде қазылар алқасының төрайымы, театртанушы, өнертану докторы, профессор Бақыт Нұрпейіс, театртанушы, өнертану кандидаты, профессор Анар Еркебай, театртанушы, өнертану кандидаты, профессор, Халықаралық театр сыншылары бірлестігінің мүшесі Меруерт Жақсылықова, театртанушы, өнертану магистрі Айзат Қадырәлиева, өнертану магистрі Назерке Жұмабай болды.

Фестивальдің жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды:

  1. «Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша «Мағжан» спектакліндегі Елтай рөлі үшін Жандәулет Батай (Авторы: А.Нүсіп, Режиссері: D.Livermore, Ch.Ocello) Түркістан музыкалық драма театры. Жүлде қоры – 500 000 тг.
  2. «Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - «Қорғансыздың күні» спектакліндегі Ғазизаның әжесі  Анар Бейсенбина / Нұрмұхан Жантөрин атындағы  Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры/ Жүлде қоры – 500 000 тг.
  3. «Үздік әйел рөлі» номинациясы бойынша - «№37» спектакліндегі Зейнеп рөлі үшін - Зарина Кармен /Авторы: И.Иман ,Режиссері: Ф.Молдағали/ Шам театры. Жүлде қоры – 750 000 тг.
  4. «Үздік ер адам рөлі» номинациясы бойынша - «Шал мен теңіз» спектакліндегі Сантьяго рөлі үшін Бақытжан Қаюов. /Алматы қаласының «Мемлекеттік Қуыршақ театры/ Жүлде қоры – 750 000 тг.
  5. «Үздік режиссерлік шешім» - номинациясы «Ұждан» спектаклі. (Авторы: Ш.Құдайбердіұлы, Режиссері: Азамат Нигманов.) Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры Жүлде қоры – 1 500 000 тг.
  6. «Үздік сценографиялық шешім» номинациясы «Атау-Кере» спектаклі. /Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры/ Жүлде қоры – 1 000 000 тг.
  7. «Үздік спектакль» - «Бернарда Альбаның Үйі» спектаклі. Авторы: (Ф.Г. Лорка, Режиссері: Д.Жұмабай.) Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры Жүлде қоры – 3 000 000 тг.
  8. «Темірбек Жүргенов атындағы арнайы сыйлық» - «Қара шекпен» спектаклі /Авторы: Г. Хугаев, Режиссері: Е.Кәрібаев/. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры. Жүлде қоры – 1 000 000 тг.
  9. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің арнайы сыйлығы- «Мағжан» спектаклі. /Авторы: А.Нүсіп, Режиссері: D.Livermore, Ch.Ocello/. Түркістан музыкалық драма театры. Жүлде қоры – 2 000 000 тг.
  10. «Қазылар алқасының арнайы жүлдесі» - Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ драма театрының «Шақан Шері» (Авторы: М.Мағауин, Режиссері: М. Хабибуллин) спектаклі. Жүлде қоры – 500 000 тг.

Фестивальге көрнекті театр және кино актері, «Отан» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған Халық артистері - Тілектес Мейрамов, Гүлжан Әспетова, облыстық театр труппалары, Петропавл тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Фестивальдің жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігіне, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры мен Н.Погодин атындағы орыс драма театрына алғыс айтылды.