Үкімет • 18 Қазан, 2023

Құрылыс барысымен танысты

70 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Премьер-министр Әлихан Смайылов Түркістан облы­сы­на жұмыс сапарымен бар­ды. Өңірде Үкімет басшысы бірінші кезекте жаңа өнеркәсіптік парктің және заманауи көпбейінді аурухана құрылысының барысымен танысты.

Құрылыс барысымен танысты

Ауданы 66 мың шаршы метр­ден­ асатын «Түр­кістан» ӘКК» АҚ өнер­кәсіптік паркін жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Жұ­мыс сапары барысында Премьер-ми­нис­трге өңірдегі ірі инвестициялық жоба­­лар­дың, оның ішінде химия ке­шені, бу-газ қондырғысы, мұнай өң­­деу зауыты, газ электр стан­са­сы, кү­кірт қышқылын өндіру зауы­ты, өнер­кә­сіптік жы­лыжай, мал бор­да­қылау алаңы және басқа да нысан­дар­дың іске асырылуы туралы баян­дал­ды.

Мұнда үкіметтік делегация Түр­кіс­тан облы­сын­да өндірілетін жиһаз өнімдерінің үлгі­ле­рі­мен­­ танысты.

Әлихан Смайылов соңғы жыл­да­ры елімізде жиһаз өнер­кә­сібі белсенді дамып келе жат­қа­нын атап өтті. Қазір онда 1500-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Осы жылдың 8 айында сала өндірісінің көлемі 25,2%-ға өссе, осы салаға салынған инвестициялар көлемі 65%-ға ұлғайды. 2026 жылға дейін салада жалпы құны 5,3 млрд теңгені құрайтын бірқатар жаңа жиһаз өндірісін іске қосу жоспарланып отыр.

Үкімет басшысы атап өткен­дей, бүгінде мемлекет тарапынан кең ауқымды қолдау көрсетіліп келеді. Мәселен, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң шеңберінде кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету шара­лары, сұра­нысты ынталан­дыру, өнер­кәсіп­тік­ гранттар қарас­тырылған. Сон­дай-ақ арнайы эконо­ми­калық және индус­трия­лық аймақтарда өн­ді­ру­­­ші­лер қажетті инфра­құ­ры­­лым­мен қамтамасыз етіледі, ке­ден­дік­ баждардан және тағы басқа салық­тардан босату қарас­ты­рылған.

«Отандық жиһаз өндірушілер өткен жылдан бері мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде басым құқық­қа ие, сондықтан осын­дай кәсіп­орын­­дарды дамы­тудың маңызы зор. Түр­кіс­­тан облы­сының әкімдігі инвесторларды тарту мәсе­ле­лері бо­йынша белсенді жұмыс істеп, өндіру­шілерге бар­лық қолайлы жағдай жасауы қажет», деді Әлихан Смайылов.

Бұдан әрі Премьер-министр 570 төсектік орындық заманауи көпбейінді облыс­тық аурухана құры­лы­сының барысымен танысты. Қазіргі уақыт­та­ жұмыстың шамамен 50%-ы аяқ­тал­ды. Нысанды пайдалануға беру уақыты 2024 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Әлихан Смайылов Түркістан облы­­с­ында 2 млн-нан астам адам тұра­тынын, сондықтан жаңа әлеу­мет­тік­ нысандарды іске қосу маңызды еке­нін атап өтті.

«Бұл – өте маңызды жоба. Өңірде сыр­қат­тар саны кө­бе­йіп отыр, мұн­да­ғы аурухана­лар­ тапшылығын кө­ріп отырмыз. Сондықтан жо­баны­ мем­­л­е­­кеттік-жекеменшік әріп­тес­тік шең­­бе­рінде кешіктірмей іске қосу маңызды. Тех­ни­калық мәселелерге келсек, мұны Ден­сау­лық сақ­тау министрлігімен бір­лесіп пысықтап, жыл соңына дейін келісімді бекіту керек», деді Премьер-министр.

Бұл ретте ол «Ауылдық ден­сау­­­лық сақтауды жаңғырту» ұлт­тық­­ жобасы аясында облыста 49 жа­­ңа алғашқы медициналық-са­ни­­­­та­­рлық көмек көрсету нысанын са­лу­ және 4 аудан­дық­ аурухананы жаң­­ғырту жоспарланып отыр­ға­нын­ еске салды.

«Жалпы, денсаулық сақтау сала­сын­дағы барлық нысан Министр­лік­тің ба­қылауында болуы және уақ­тылы іске асы­рылуға тиіс», деп түйін­де­ді сөзін Әлихан
Смайылов.