Ауа райы • 18 Қазан, 2023

Күздің соңғы айы шуақты. Ертең 24 градусқа дейін жылы болады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 19 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Күздің соңғы айы шуақты. Ертең 24 градусқа дейін жылы болады

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Мамандардың болжамынша, Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана, күндіз батыста, солтүстік-батыста, түнде оңтүстігінде жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте жел күшейеді.

Қазақстанда түнде және таңертең тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды деп болжанып отыр. Батыстан соғатын жел түнде 3-8, күндіз 7-12 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +9+11°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын жаумайды. 0-5 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +22+24°С.