Оқиға • 18 Қазан, 2023

Түркияда жол апатынан Қазақстан азаматы көз жұмды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстан азаматы қайтыс болды. Суық хабар жайлы марқұмның туыстары Facebook парақшаларында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркияда жол апатынан Қазақстан азаматы көз жұмды

Фото: ашық дереккөз

Қайғылы оқиға 2023 жылы 13 қазанда Түркияның Алания қаласында болды.

Марқұм 38 жаста болған. Полиция қызметкерлері көз жұмған әйелдің жол ережесін бұзбай, дұрыс жерден өтіп бара жатқанын айтты. Жол апатының мән-жайы анықталып жатыр. 

Сондай-ақ тәртіп сақшылары көлікті жас қыз тізгіндегенін, барлық мән-жай анықталғанға дейін жүргізуші үйіне жіберілгенін айтты. 

Марқұмның туыстары бұл іс әділ тергелетініне сенім білдірді.

«Түркияда қанша азаматымыз жол апатынан қаза тауып жатқанын ескере отырып, Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратурадан біздің ісімізді тергеуді бақылауға алуын сұраймыз», деп өтініш білдірді қайтыс болған әйелдің жақындары.