Видео • 26 Қазан, 2023

Ақын Жүрсін Ерманға «Отан» ордені ауруханада табысталды

988 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еңбегі ескеріліп, құрметке ие болғандардың арасында ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман да бар, деп жазады Egemen.kz

Ақын Жүрсін Ерманға «Отан» ордені ауруханада табысталды

Қазіргі уақытта Жүрсін Ерман сырқатына байланысты ауруханада ем-дом алып жатыр. Көңілін сұрап, сәлем айта барған тиісті сала өкілі ақынға «Отан» орденін ауруханада табыстады.

Бұған дейін ақын Жүрсін Ерман Мемлекет басшысының Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталғаны туралы жазған едік.