Музей • 27 Қазан, 2023

Музей қызметкерлерінің жалақысы көңіл көншіте ме?

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда музей қызметкерлерінің орташа жалақысы қанша? Бұл сұраққа Ұлттық музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Ақмарал Ибраева жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Музей қызметкерлерінің жалақысы көңіл көншіте ме?

Фото: ашық дереккөз

Айта кетсек, бүгін елордада музей қызметкерлерінің І конгресі өтіп жатыр.

«Қазақстанда 270-тен астам музей бар. Бұл салада шешімін таба алмай жатқан өзекті бір мәселе бар - кадр жетіспеушілігі. Қазір музей ісін түсінетін, тарихи, мәдени ескерткіштер мен мұраларды ажыра алатын маман тапшы. Музей қызметкерлерінің орташа жалақысы 200 мың теңге», деді Ақмарал Ибраева.

Оның айтуынша, музей мамандары тапшы болса да, бұл сала жыл сайын дамып келеді. Мемлекет те музей ісіне қолдау көрсетіп отыр.

«Бұрынғыға қарағанда қазір жастардың қызығушылығы артып келеді. Мәселен, біздің музейде 20-дан астам жас маман жұмыс істейді», деп қосты ол.