Қоғам • 02 Қараша, 2023

Ең төменгі жалақы 200 мың теңге болу керек: депутат ұсынысы

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаты Асхат Рақымжановтың пайымынша, ең төменгі жалақы мөлшері 200 мың теңге шамасында болуы керек, деп жазады Egemen.kz.

Ең төменгі жалақы 200 мың теңге болу керек: депутат ұсынысы

Фото: 365info.kz

Халық қалаулысы Мәжілістегі ЖСДП фракциясы келесі жылға арналған ең төменгі жалақы мен күнкөріс минимумының деңгейімен келіспейтінін алға тартты. Ол өздерінің ай сайын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне тиісті мониторинг жасап тұратынын да атап өтті.

«Біздің есептеулерімізге сәйкес, орташа алғанда бір Қазақстан азаматы барлық табысының 55 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Сол себептен де ең төменгі жалақы мөлшерін бірнеше есе көтеру керек», деді Асхат Рақымжанов.

Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге көтеріледі.