Спорт • 19 Қараша, 2023

UFC-ге үміткер: Бекзат Алмахан қарсыласын нокаутқа жіберді

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан (16-1)  Octagon турнирінде бразилиялық қарсыласын нокаутқа жіберді, деп жазады Egemen.kz.

UFC-ге үміткер: Бекзат Алмахан қарсыласын нокаутқа жіберді

Фото:Sports.kz.

Жеңіл салмақтағы аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан Алматыда өткен «Октагон 52» турнирінде бразилиялық Ян Ферразбен (15-5) кездесті.

Отандасымыз қарсыласын жекпе-жек аяқталуға екі секунд қалғанда нокаутқа түсірді.

Айта кетейік, Бекзат Алмахан әлемнің ең үздік промоушені UFC жауынгері атануға үміткер. Спортшы қатарынан сегізінші рет жеңіске жетіп отыр. Ол 2020 жылы бір рет қана жеңіліске ұшыраған.