Қаржы • 23 Қараша, 2023

Қазақстанда су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 25% өседі, деп хабарлайды Egemen.kz Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі

Сонымен қатар Қазақстанның әр аймағында су ресурстарын бөлумен және олардың пайдаланылуын бақылаумен айналысатын басқармалар пайда болады.

«Су саласында жұмысты тартымды ету қажет, жалақыны арттыру осы бағыттағы қадамдардың бірі болып саналады. Әрине, бар кадрларды сақтап қалу ғана емес, заман талабына сай жаңа кадрларды дайындау маңызды. Министрлік тиісті ұсыныс енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.