Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2023

Қонаев қаласының шекарасы өзгерді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы Қонаев қаласының шекарасы Үкімет қаулысымен өзгерді, деп жазады Egemen.kz.

Қонаев қаласының шекарасы өзгерді

«Жалпы ауданы 10 962 гектар жерді Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына беру арқылы «Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы» Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы бірлескен шешіміне және Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 қарашадағы қаулысына келісім берілсін», деп жазылған қаулыда.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен соң күшіне енеді.