Әлем • 28 Желтоқсан, 2023

Түркияда жол апатынан 11 адам көз жұмды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Мармара тасжолының Сакария аймағында 7 көлік соқтығысқан апат салдарынан 11 адам қайтыс болып, 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz TRT haber телеарнасына сілтеме жасап. 

Түркияда жол апатынан 11 адам көз жұмды

Апат қалың тұман салдарынан болғаны хабарланды.

Сондай-ақ апат салдарынан Стамбул бағытындағы тасжолда көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.