Кітапхана • 09 Қаңтар, 2024

Кітапхананың заманауи келбеті

140 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің педагогика факультетінде заманауи кітапхана ашылды. Бұл – университет базасында кітапхананы жаңғырту бойынша қолға алынған үшінші жоба. Жаңа кітап­ха­нада оқу залымен қоса, кескіндеме, графика және дизайн көрмелері өтетін арнайы студия да бар.

Кітапхананың заманауи келбеті

Бастысы, кітапханада білім беру бағыттарына қол­же­тімділік бар. Қорды сақ­тау­­ға арналған қауіпсіздік құ­рал­дары мен RFID-жап­сыр­­­малары орнатылған. Ерек­­ше студенттердің де жағ­­­дайы ескерілген. Оларға ар­­налған үстел мен ортопе­дия­­­лық орындықтар бар. Озық техно­ло­гияға сай жаб­­­дықталған кітап­хана қала­­­дағы педагогтерге де, оқыр­­­ман қауымға да қызмет көр­­се­теді. Кітапхана қоры да бай.

«Кітапхананың ашы­луы­ – педагогика факуль­те­ті­нің студенттері мен оқы­ту­шы­ла­рына үлкен олжа. Жаңа орталық білім алмасу, диалог алаңы, оқытушылар мен студенттердің ашық түрде өзара пікір алмасу орны болады деп сенеміз», дейді уни­вер­ситеттің проректоры Сәуле Сағынтаева.

Кітапхана аумағы 400 шаршы метрді құрайды. 53 мың кітап қоры бар. Өнер, дизайн, әдістеме құралы, педагогика саласы бойынша кітап­тар жинақталған. «Арнайы абонементпен, элек­­тронды ресурс­тар залы­мен жабдықталған. Оқу кіта­п­ханамыздың бас­қа­лар­­дан айырмашылығы – Қара­ғанды қаласы мек­теп­тер­і­нің мұғалімдеріне де қыз­мет көрсетеді. Оқырман уни­верситеттің ID картасы­ ар­қы­лы­ кітапханаға келе алады», дейді ғылыми кітап­ха­на директоры Гауһар Әбді­ғұ­лова.

Университет базасында биология-география және тарих факультетінде де дәп осын­дай екі кітапхана жұмыс істеп тұр.

 

Қарағанды облысы