Спорт • 15 Қаңтар, 2024

Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай берілетін соңғы дода дзюдодан өтеді

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай беретін соңғы дода – дзюдо күресінен өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Париж Олимпиадасына рейтингтік ұпай берілетін соңғы дода дзюдодан өтеді

Фото: @sportqazaq

@sportqazaq мәлім етуінше аталған белді турнирдің өтетін орны Алматы қаласынан Астана шаһарына ауыстырылған.   

Жеңімпаз 1000 ұпай алса, екінші орынға қол жеткізгендерге 700 ұпай беріледі, ал үшінші орынға табан тірегендер 500 ұпайды місе тұтпақ.

Турнир мамыр айының 10-12 күндері аралығында өтеді.