Білім • 29 Қаңтар, 2024

Бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады

1616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалатын болды. Бұл туралы Оқу ағарту министрлігі Telegram арнасында жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірінші сынып оқушылары қосымша қысқы демалыста 7 күн демалады

Суретті түсірген Ерлан ОМАР

Еліміздің мектептерінде 2024 жылғы 8 қаңтардан бастап 10 оқу аптасынан тұратын III тоқсан басталды.

1-сыныпта білім алушыларға 2024 жылғы 5-11 ақпан аралығында (күнтізбелік 7 күн) қосымша демалыс беріледі.