Ипотека • 08 Ақпан, 2024

1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«9-20-25» бағдарламасы 1 наурызда басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

1 наурыздан бастап жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың айтуынша, бағдарламаға қатысушы жаңа үйді жеке құрылыс компаниясынан сатып ала алады.

Бағдарламада 20 пайыз бастапқы жарна салып, 9 пайыздық мөлшерлемемен 25 жылға дейін баспана несиесін рәсімдеуге болады. Жоба нарықтық қаржыландыру арқылы жүргізіледі. Бюджет қаражаты пайдаланылмайды. Жылына 8 мың отбасы баспанамен қамтамасыз етіледі деген жоспар бар.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр: «Бұл бағдарлама «Отбасы банк» пен республикалық бюджет есебінен бірлесіп қаржыландыру арқылы іске қосылады. Бұған дейін аталмыш мәселе пысықталған. Бағдарлама белгіленген мерзімде (2024 жылдың 1 наурызы) жүзеге асырылатын болады», - деді.