Хоккей • 09 Ақпан, 2024

«Болашақ кубогі» басталды

47 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Беларусь астанасы Минскіде хоккейден жастар арасындағы «Бола­шақ кубогі» деп аталатын халықаралық турнир өтіп жатыр.

«Болашақ кубогі» басталды

Қазақстанның жастар құрамасы (U-20) жарысты сәтсіз бастады. Тұсаукесер кездесуінде олар айдын иелерімен шеберлік байқасты. Бірінші кезеңде Константин Волочко мен Илья Лахнов Беларусь құрамасын алға шығар­ды. 28-минутта Александр Мигунов есеп айырмашылығын қысқартты. Арада бес минут өткеннен соң Артем Никитич жергілікті жанкүйерлерді тағы бір қуантты. Екінші кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Астананың «Снежные Барсы» клубының ойыншысы Семен Симонов мергендік танытты. Бірақ үзілістен кейін Степан Звягин мен Даниил Липский тағы екі рет шайбаны қақпаға дәл түсіріп, өз командаларына жеңіс сыйлады. Есеп – 2:5.

Енді Сергей Старыгиннің шәкірттері Ресейдің (U-16) және (U-17) жасөспірімдер құрамаларымен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар

Оқырманға жол тартты

Басылым • Бүгін, 00:25

Ғасырлар үні

Руханият • Бүгін, 00:13

Керек дерек

Технология • Кеше