Жұмыс • 22 Ақпан, 2024

Қар тазалау – сауапты іс

58 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысы қатал Астанада қар тазалау – қыруар шаруа. Қала шаруа­шы­лығының тізгінін ұстап отырғандардың жұмысы да осы мез­гілде қатты сыналады. Ал бұл үдеден шығу үшін ком­мунал­дық қызмет саласының жұмысшылары аянбай тер төгеді.

Қар тазалау – сауапты іс

Өткен түнде коммуналдық қызмет мамандары қаладан 37,5 мың текше метр қар шығарды. Олар тәулік бойы бірнеше ауы­сымда жұмыс істейді. 22 ақпан күні таңертең қар тазалау жұ­мыс­та­рына 1,3 мыңнан аса арнайы техника және 2,3 мың­­нан аса жол жұмысшысы жұ­мыл­ды­рылды.

21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні елордадан 34 мың текше метрден аса қар шы­ға­рыл­ды. Бұл 2,9 мың ауыр жүк көлемінен асады. Бұған қоса, қыс басынан бері полигондарға 367 мың рейс 5 млн текше метр қар жинады.

Сонымен қатар қала тұрғын­да­рының қауіпсіз жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен кө­ше­лер­ге құм-тұз қоспасы себі­ле­ді. Коммуналдық қызмет ма­ман­дары мұз басқан тротуар­ларды қол күшімен тазартып шықты.