Жұмыс • 28 Ақпан, 2024

Жұмыс орны жәрмеңкесі

52 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жұмыс орындарының жәр­­­­меңкесі өтті. Жәрмеңкеге «Halyk bank», «Beam.kz», Банк Центр Кредит, «Kaspi Bank»-пен қатар 30-дан астам компания қатысып, жұмыс берушілер сту­­денттерге әртүрлі саладағы бос жұмыс орындарын ұсын­ды.

Жұмыс орны жәрмеңкесі

«Университетімізде дәс­­­­­­түр­­­лі іс-шараға айнал­ған­ ж­ұ­­мыс орын­дары жәр­­­мең­кесі студенттерге кең мүмкіндіктер береді. Өйт­кені әрбір ком­пания жа­йында толық ақпа­рат алып, бос жұмыс орны тура­лы мәліметтермен танысу мүмкіндігі қарас­тырыл­ған. Бұл өз кезегінде студент жастарды ынталандырып, оларды еңбек нарығына бағ­дарлауға көмектеседі. Жәр­мең­ке жастарға тағы­лым­да­ма­дан өтуге әрі жұ­мысқа орналасуына қо­лайлы жағдай ту­ғы­зады» дейді механика-математика факультетінің маманы Смайыл Еркебұлан.

Аталған факульттің ма­гис­­транты Ырысдәулет Қар­сы­­бай­ұлының жәрмең­кеге биыл бірінші рет қатысуы. Қазіргі уақытта жұмыс істеп жүргенімен, басқа салада бағын сынап көргісі келетін жас маманның айтуынша, жәрмеңке студенттер үшін кәсіби жолын бастаудағы маңызды қадам болатыны анық әрі бұл алаңда еліміздегі компаниялар туралы көп мағлұмат алуға болады.

Оқу орындарымен тұрақ­ты жұмыс істеп келе жатқан «Beam.kz» компаниясы са­ту бөлі­мінің жетекшісі Да­рия Нұрғажықызы сту­­дент­тер мен түлектерді жұ­мыс­пен қамтамасыз етуге бағыт­талған платформа жұмысымен таныстырып, студент жастардың тәжіри­бесі бар-жоғына қарамастан, бірінші кезекте арнайы курс­тар ұйымдастырылатынын атап өтті. Мұнымен қоса білім ала жүріп, жұмыс істеуіне де тең мүмкіндіктер қарастырылған. Бүгінде еңбек нарығында мұға­лім, дәрігер, заңгер маман­дығымен қатар экономика, қаржы, IT саласына да сұраныс жоғары.

 

АЛМАТЫ