Мектеп • 10 Наурыз, 2024

Мектептегі мұражай

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп өскені маңызды. Тәрбиенің бір ошағы мектепте тереңнен сыр шертетін тарихи-танымдық дүниелері бар мұражай жұмыс істеп тұр.

Мектептегі мұражай

Тарихи-өлкетану мұ­ра­жайы Абай облысында­ғы Бесқарағай ауданы­­ның Нұр­лыбек Баймұратов атын­дағы орта мектебінде ашылған. Тарихтан берер тағылымы мол мұражайға ауданның әр жылдарда­­ғы өткенінен мағлұмат бере­тін айғақтар жинақтал­ған. Қазір көне заттар топтамасы арқылы бірегей мұражай болып отыр.

Мұражай оқушылар­ға, қызметкерлерге руха­ни азық алатын жайлы ор­­таға айналған. Аталған мұ­­­ра­жай да ақын Нұрлы­бек Бай­мұратовтың атымен ата­­­лады. Мұражай­дың негі­­зін мектептің бұрын­ғы ди­рек­торы Тоқтаған Кәке­нов пен қазақ тілі мен әдебие­ті пәні мұғалімі Уәлихан Тукусов 1991 жылы 20 қыр­күйекте қалаған. Мектептің қазіргі ди­рек­торы Мейрамғали Кеңес­бек­ұлының айтуынша, мұражайға көптеген көр­некті адамның табаны тиген. Қытай, Англия, Ре­сей­ден келген туристер маз­­мұны бай мұражайды та­­машалаған.

ро

Мұражайда экспонат­тар, тұрмыстық заттар (патифон, сырмақ, қа­бырға сағат, ер-тоқым, қам­шы, шапан және му­зы­ка­лық аспаптар (домбыра, бала­лайка, мандолина) қо­йылған. Сондай-ақ мұра­жай өткен мен бүгіннің са­бақ­тастығын сақтаған орын се­кілді, өйткені онда электр­техникалық үйір­ме оқу­шыларының әртүрлі тех­ника макеттері қо­йыл­ған. Атап айтқанда, ра­дио­­байланыс арқылы бас­қары­латын К-700 трак­то­ры­ның моделі, шөп ша­батын шапқыш және жа­нар-жағармай құятын тір­кел­мелі арба бар.

Болашақта мұражай жәді­герлерін жаңғыртып, қо­рын толтыру және ақын­ның туғанына 140 жыл толуына орай облыстық конференция өткізу жос­парланып отыр.