Футбол • 15 Наурыз, 2024

Сегіз команда суырылып шықты

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан УЕФА Чемпиондар лига­сының ширек финалына шыққан бар­лық сегіз команда анықталды.

Сегіз команда суырылып шықты

Мюнхенде жергілікті «Бавария» Ита­лияның «Лациосының» қақпасына жауапсыз үш доп соқты – 3:0. Сан-Себастьянда «Реал Сосьедад» Париждің ПСЖ-сына есе жіберді – 1:2. «Манчестер Сити» өз ала­ңында Данияның «Копенгагенін» қапы қалдырды – 3:1. «Сантьяго Бернабеуде» Мадрид­тің «Реалы» мен Германияның «Лейпцигі» тең тарасты – 1:1. Осы нәтиже корольдік клубқа келесі кезеңге шығуға жеткілікті болды.

Осы аптада «Барселона» Италияның «Наполи» клубын 3:1 есебімен еңсерді. «Арсе­нал» мен «Порту» арасындағы матч­тың жеңімпазы пенальти соғу барысында анықталды. Сұрмергендер сайысында ағылшындардың асығы алшысынан түсті – 4:2. Дәл сондай жағдай Мадридте орын алды. «Атлетико» «Интерді» пенальтиден жеңді – 3:2. Дортмундтық «Боруссия» «ПСВ Эйндховенді» ұтты – 2:0.