Президент • 15 Наурыз, 2024

Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді - Тоқаев

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтай жиынында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық құндылықтар жүйесін құруды ұсынып, қоғамда белең алған теріс әрекеттерді сынады, деп жазады Egemen.kz.

Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді - Тоқаев

«Әрбір қазақ ата-бабасын құрметтейді, рухына тағзым етеді. Сондықтан, шежіре біздің мәдени кодымыздың ажырамас бөлігіне айналған. Бірақ біз тек қана осы түсінікпен шектеліп қалмауымыз қажет. Ең бастысы, бұл мәселені ешқашан саясатпен араластыруға болмайды», деді Президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктер біздің елді «ескерткіштер елі» деп атайтынын ескеріп, ата-бабасының атына көше беру, ескерткіш қоюды ұсынып ұжымдық хат жазатындардың қатары қалыңдап бара жатқанын тілге тиек етті.

«Соңғы кезде ата-бабасының, жерлесінің есімін ұлықтауды сұрап, ұжымдық хат жазу әдетке айналып барады. Атасына ескерткіш қоюды, көшеге атын беруді өтінетіндер көбейді. Бұл – жағымсыз жағдай. Мұндай ұстанымдар еліміздің біртұтас идеологиялық кеңістігіне зиян келтіреді. Ұрпақ тәрбиесіне кесірін тигізеді. Тіпті, шетелде бізді көне заманға және кеңестік кезеңге қатысты монументтер қаптаған «Ескерткіштер елі» деп айтатын болды», деді Қ.Тоқаев.

Президент ономастика саласында Республика, Бірлік, Тәуелсіздік сынды ұғымдарға баса назар аудару керек екенін атап өтті.