Президент • 15 Наурыз, 2024

Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Көкшетауда өтеді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрылтайдың келесі отырысы Көкшетауда өтеді

«Шын мәнінде, мұндай алқалы жиындарды аймақтарда өткізудің мән-маңызы зор. Сол арқылы облыстардың дамуына тың серпін береміз. Осы үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табады», деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы Құрылтайдың келесі отырысын Көкшетауда өткізуді ұсынды.

«Әйгілі Қасым хан – Сарайшықта, Абылай хан – Бурабайда ордасын тіккені белгілі. Есілдің бойында – Кенесары хан мемлекеттігімізді сақтап қалу үшін талай жорыққа шыққан. Бұл аймақ төл шежіремізде айрықша орын алады. Сондықтан Ұлттық Құрылтайдың төртінші отырысын келесі жылы Көкшетауда өткізуді ұсынамын», деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.