Экономика • 08 Сәуір, 2024

Әуе рейстерінің бағасы шарықтап тұрғаны рас па?

257 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Су тасқыны кесірінен үйлерінен айырылып қалған азаматтар енді әуе компанияларына шағымданып жүр. Мәселе - билет құны. Су тасқыны жағдайы күрделі болып тұрған облыстарда әуе билеттерінің бағасы шарықтап тұр. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары өздерінің парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әуе рейстерінің бағасы шарықтап тұрғаны рас па?

фото: zhalagash-zharshysy.kz

Мәселен, Атыраудан Ақтауға ұшақпен жеткісі келген жолаушылар бір билет үшін 170 780 теңге төлеуге мәжбүр. 

л

Атырау-Астана бағыты бойынша ұшатын рейстерге де билет құны жаға ұстатып отыр.

а

Қарғын су басқан облыстардан туыстарын алып кетпекші болған адамдар жаппай шағымданып жатыр. 

«Бізге жаудың керегі жоқ, өзімізді өзіміз құртамыз. Ақтөбе облысынан туыстарымызды алып кетерде осындай қиындықтарға тап болдық...

Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады. Атырауым аман болсын. Қажеттілік туындаса, Маңғыстау халқы 1000 шақырымнан да тегін өзі тасып алады. Күнімізді Air Astana мен Sсat-қа түсірмесін…», деп жазды желі қолданушылары. 

Осы орайда Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі скриншоттарда көрсетілген бағаларға қатысты түсініктеме берді.

«Аталған суреттерде Атыраудан Алматыға, Астанаға немесе Ақтауға ұшатын әуебилеттерінің құны көрсетілген, алайда ол жерде Ыстанбул арқылы ұшатын бір немесе екі трансфері бар рейстер ұсынылған, ал сегменттердің бірінде бизнес-класс билеттерінің бағасы шыққан. Мұндай скриншоттар жұртты жаңылыстырып жатыр. Билеттің нақты құнын білу үшін жолаушылардан әуекомпанияның тек ресми сайтында немесе Air Astana косымшасында эконом-кластың тікелей рейстерін таңдауды сұраймыз», деп хабарлады әуекомпанияның баспасөз қызметі. 

Қосымша ақпаратты help.airastana.com сайтынан немесе төмендегі байланыс нөмірлері арқылы біле аласыздар:

  • 8+7 727 244 4477 (24/7)
  • +7 7172 584477 (24/7)
  • 8+7702 702 4477 (24/7)
  • 6+77059274477 (24/7)
  • WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)
  • Online chat: airastana.com (24/7)
  • 311