Әдебиет • 08 Сәуір, 2024

Мұхтар Шаханов «Жалын» журналын Жазушылар Одағы қарамағына өткізді

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы жазушы, журналист Құдияр Біләл хабарлады, деп жазады Egemen.kz. Сондай-ақ Құдияр Біләл аталмыш журналдың Бас редакторы қызметіне тағайындалғанын да атап өтті. Автор сүйінші жаңалықты фейсбуктегі парақшасында бөліскен. 

Мұхтар Шаханов «Жалын» журналын Жазушылар Одағы қарамағына өткізді

Бүгінгі күн жаңалығымен бөлісіп қойғанды жөн көрдік. Мұхтар Шаханов ағамыз өз басшылығындағы «Жалын» журналын Жазушылар Одағы қарамағына өз қалауымен өткізді. Соған орай Жазушылар Одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов ағамыздың бұйрығымен «Жалын» журналының Бас редакторы болып тағайындалдым. Журнал редакциясы да Жазушылар Одағының ғимаратына орналасты. Өз авторларымызды, бізді іздеген өзге де қаламгерлерді сол жерде күтеміз, делінген жазбада.