Елорда • 09 Сәуір, 2024

Тасқынмен тынымсыз күрес

53 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Премьер-министр Олжас Бектенов Астана қаласы­ның әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен ағымдағы су тасқыны жағдайын тексерді.

Тасқынмен тынымсыз күрес

Астана қаласы арқылы тас­қын суларды өткізуге, ық­ти­мал су тасқынынан қор­ғауға ар­нал­ған Астана контр­рет­тегіші­нің жай-күйі тексерілді. Сонымен қатар, Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады.

Астаналық контрреттегіште су­дың ағуы қазір секундына 30 тек­ше метрді құрайтыны баян­да­л­­ды. Контрреттегішке келіп жат­­қан ағын секундына 248 тек­ше метрді құрайды. Бүгінгі таң­да кон­т­р­реттегіштің су ағызу қабі­­ле­­тін секундына 40 текше метр­ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша ахуал тұрақты және ұдайы бақылауда, Астана қала­сын су басу қаупі жоқ.

Олжас Бектеновке Астана су қоймасындағы жағдай туралы баян­далды. Суды ағызу се­кундына 400 текше метр дең­гейінде жүзе­ге асырылады, су қой­масы­ның көлемі 409 млн текше метр­ді құрайды. Преображенский торабында шарықтау шегіне жетті, Нұра өзені арқылы торапқа құятын су ағыны азайып келеді: қазіргі уақытта секундына 1 400 текше метр өтуде.

Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдігі жақын маңдағы елді мекендер мен қалаларды су басудың алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жүр­­­гізіп келеді. Тайтөбе ауылын­­­­да су тасқынынан негізгі қор­ға­­­ныс қызметін атқарған үйінді­лер­­­ді нығайту жұмыстары аяқ­та­лып жатыр. Биыл қолда­ныс­­тағы 2 400 метрлік бөгетке ұзын­дығы 1 200 метр, биіктігі 2,5 метр болатын жаңа бөгет тұрғызылды.

Жедел штаб Астана, Қосшы қалалары мен Тайтөбе ауылын­дағы су қоймаларынан су жіберу деректері бойынша жасалған болжамдарды ескере отырып, су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізеді.

Сонымен қатар Олжас Бек­тенов Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің жайылмасын тікұшақпен айналып өтіп, Сергеев су қоймасындағы жағ­дайды тексерді. Бұған қоса Есіл өзені арнасынан асқан жағ­дайда су басудың алдын алу және залалды азайту үшін Пет­ро­павл қаласының маңын­дағы бөгеттерді нығайту бойынша жұмыстар тексеріледі.

Үкімет басшысына Сергеев су торабы қазіргі уақытта қуатының шегінде жұмыс істеп жатқаны туралы баяндалды. 8 сәуірдегі жағдай бойынша 6017 м3/с деңгейінде су келуі тіркелді, оны жіберу 4720 м3/с деңгейінде жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ Сергеев су қоймасы пайдалануға берілген 1969 жылдан бастап судың максималды шығыны 3600 м3/с деңгейінде болған. Осылайша, қазіргі су қоймасының толуы кейінгі 50 жылда алғаш рет орын алып отыр және алдыңғы максималды көрсеткіштерден 2 есе дерлік асады.

Су тасқыны кезеңінде су қоймасының деңгейі (1 млрд 366 млн м3/с) қолмен реттеліп отыр, яғни қалыпты жағдайға (693 млн м3/с) қарағанда, көбірек су ұстап тұра алады. Қазіргі уақытта су қоймасындағы көлем – 1 млрд 247 млн м3/с. Судың келуі мен оны жіберу көлемі бір деңгейде – 4 млрд 720 млн м3/с. Мәселен, қазіргі уақытта су қоймасы 180%-ға толып отыр. Максималды межеге дейін 100 млн м3/с су қабылдай алады. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 500 млн м3/с су жіберілді.

Қазгидромет болжамына сәйкес, биылғы 6-12 сәуір аралығында күн күрт жылынып, қар еруіне байланысты келетін су көлемі 2 400-ден 3600 млн м3/с-қа дейін ұлғаюы мүмкін. Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шаралар­ды то­лыққанды жүргізу әрі ғима­рат­тардың қирауына жол бермеу үшін Олжас Бектеновтің тап­сыр­масымен Қарулы күш­тер құрлық әскерлері бри­га­даларының 300 әскери қыз­меткері Астана қаласынан Сол­түс­тік Қазақстан облысына аттан­ды. Ұлттық ұлан академия­сынан 400 курсант және Ұлт­тық ұланның «Орталық» өңір­лік қолбасшылығы әскери бөлі­мінің 300-ден астам қызметкері тар­тыл­ды. Бұл ретте өңірге кө­мек көрсету үшін тартыла­тын әс­керилер санын одан әрі ұл­ғайту жөнінде команда берілді.

«Президент су тасқынымен кү­­реске барлық күшті жұмыл­ды­ру міндетін қойды. Біз Сол­түс­тік Қазақстан облысының өзіне Қор­ғаныс министрлігі мен Ұлт­тық ұланның мыңға жуық қыз­­меткерін жұмылдырдық. Мін­­детіміз – Есіл өзені арнасы­нан асып кеткен кезде үлкен зар­дап­тардың алдын алу. Мұндай ауқым­дағы су көлемі Сергеев су қой­масының бүкіл тарихында ал­ғаш рет болып отыр», деді О.Бектенов.