Құтқарушы • 11 Сәуір, 2024

Жылыой ауданында бір күн бұрын жоғалған ер адам табылды

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бір күн бұрын Атырау облысының Жылыой ауданында 49 жастағы ер адам жоғалып кеткен еді. Полиция қызметкерлері бүгін оны тапты.

Жылыой ауданында бір күн бұрын жоғалған ер адам табылды

Фото: Елена Бережная

Облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, ер адамның жоғалғаны туралы 102 арнасына хабарланған.

«Жылыой ауданы полиция бөліміне 49 жастағы ер адамның Қарағай ауылынан Құлсары қаласына қайықпен шығып, бір күннен бері хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында әуе дронын пайдаланды. Бүгін, 11 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Қарағай елді мекенінен 10 шақырым қашықтықта су тасқынынан пайда болған аралдан 49 жастағы ер адам табылды. Қазір оның жағдайы бірқалыпты, туысқандарымен қауышты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.