Пікір • 12 Сәуір, 2024

Кеңінен насихаттау қажет

60 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазір ғылыми дәре­жесі бар қызмет­кердің орташа жасы – 57, одан да жоғары. Бұл мәсе­лені шешу үшін жас ғылы­ми кадр­лар­дың келуі­не жағ­дай жасау, ғалым­­дарды даярлауда жаңа көзқарастар туғызу, өскелең ұрпақ арасында ғылымды кеңінен насихаттау қажет.

Кеңінен насихаттау қажет

Қоғам, жаңа заман кадрларды, оның ішінде ғылыми мамандарды даярлаудың жаңа тәсіл­дерін, жаңаша көзқарастар­ды, бағыттарды талап етіп отыр. Z ұрпағы – ғылымның болашағы. Білім беруде жаңа тәсілдер жасап, тым ескі, қазірде өзектілігін жойған тәсілдерден алыстау қажет. Әлбетте, ұсыныстар берген орынды, дегенмен әр адам өзгерісті сырттан күтпей, «Мен не істей аламын?» деген сұрақтан, яғни өзінен бастағаны дұрыс-ақ.

«Студент – толтыруды қажет ететін ыдыс емес, жануы керек алау. Ал алауды өзін-өзі өр­те­ген адам ғана жаға алады» деп Плутарх айтқандай, қазір­гі уақытта Z ұрпағы арасында ғылымды насихаттауға барлық мүмкіндік бар. Мысалы, жас ғалым және педагог ретінде мен подкасттар мен сұхбаттар сериясын, «Тағам қауіпсіздігі» ғылыми үйірмесін және https://t.me/Dr_Laura_bot телеграм ботын іске қостым. Подкаст ғылым мен өндірісте тағам қауіпсіздігін насихаттауды көздейді. Біздің қонақтар ғылымдағы, бизнес­тегі жетістіктерін баяндайды. Ал «Food safety» ғылыми үйірмесіне университетіміз­дегі «Ветеринария және мал ша­руашылығы технологиясы» факультетінің студенттері қаты­сады. Біз «Астана қаласының танымал кофеханаларында ко­фенің афлатоксиннен ластануы» секілді әртүрлі өзекті тақырып төңірегінде ғылыми зерттеулер жүргіземіз. Осындай кішкентай қадамдар ғылымды жастардың тілінде, заманауи әдістермен, технологияларымен, тәсілдермен түсіндіруге, жас буынды ғылымға тартуға мүмкіндік береді.

 

Лаура АУТЕЛЕЕВА,

С.Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық агротехникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD