Елорда • 12 Сәуір, 2024

Астана су қоймасы 99%-ға толды

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана су қоймасы 99%-ға толды

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Аталған министрлік мәлімдемесінде: «Астана су қоймасы 99%-ға толды. Келген суды транзиттік режимде өткізу жұмысы жалғасып жатыр», делінген.

Су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалып отыр. Мұнда тәулік бойы мониторинг жасалады.

Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы тасқынның суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүргізіліп жатыр.